Алматы хайуанаттар бағының мамандары құтқарылған қызғылт қоқиқаз балапандарының бірі аман екенін, ол қазір жаңа өмірге бейімделіп жатқанын мәлімдеді.
Ақтаулық блогер құтқарып, Алматыға жеткізілген қоқиқаздың жағдайы қалай?
1,075
оқылды

Бала қоқиқаз жаңа мекенге үйренісіп қалды, – деп жазды Aikyn.kz.

"Азамат Сәрсенбаев өз пәтерінде құстарды бақты. Бұл құс ерекше диета мен өзгеше өмір салтын қажет етеді. Отаны – Орталық Америка. Хайуанаттар бағында осындай 17 фламинго бар. Оларды алып кетуге келістік, дегенмен қоқиқазды тасымалдау өте қиын, бірақ оларды сол жерде де қалдыра алмадық”, – делінген хайуанаттар бағының хабарламасында.

Қоқиқаздардың бірі жолды көтере алмай, хайуанаттар бағына келгеннен кейін өліп қалған. Айтуларынша, ветеринарлар барлық нәрсені жасаса да, құс әрі қарай өмір сүре алмады.

“Екінші балапан үлкенірек болғасын мықтырақ боп, тірі қалды. Қазіргі таңда оның тәбеті жақсы және жаңа мекенді паналап жатыр. Ол даладан келгендіктен, ветеринарлардың бақылауымен бір айға жуық карантинде болады. Содан кейін оны бір тектес құстармен қосамыз", – дейді хайуанаттар бағының қызметкерлері.

Айта кетейік, бұған дейін бір қоқиқаз жолды көтере алмай, өліп қалған болатын.