Бүгін бас қалада қазақ күресінен өтетін бәсеке «Дала қырандары» деп аталады.
Астанада қазақ күресінен республикалық турнир өтеді
955
оқылды

Жарыстың өтетін күні – 17 желтоқсан. Өтетін орны – Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы. Ойын барысын тамашалауға тегін кіруге болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Турнирде жыл бойы рейтингтік жарыстарда 8 салмақта жоғары ұпай жинаған 64 балуан сынға түседі. Олардың қатарында Бекжан Төлепов, Марат Нигматуллаев, Бекет Жүніс, Ержан Еренқайыпов және Жұмажан Қожамбеков сынды Әлем және Азия чемпионаттарының, Әлем кубогінің, Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жеңімпаз-жүлдегерлері бар, – делінген хабарламада.