«ҚазАвтоЖол» оның бірі Жамбыл облысында, екіншісі – Жетісуда екенін мәлімдеді.
Ауа райына байланысты республикалық маңызы бар екі жол жабылды
853
оқылды

Ауа райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының төмендеуі, жауын-шашын, боран, екпінді жел, шектеулі көрініс) 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жамбыл облысында – 1 учаске (95 км)

1. "Алматы-Ташкент-Термез" а/ж, Кенен а. – Қайнар а. (Жаңа Қордай асуы) – 95 км; 

Жетісу облысында – 1 учаске (100 км) 

1. "Үшарал-Достық" Көктұма ст. – Достық ст. – 100 км. 

Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады. 

Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 288 техника жұмылдырылды.