Қазақстан азаматы басқарып отырған компания бір жыл ішінде 30 миллион долларға тауар экспорттап, жергілікті биліктің ерекше ықыласына бөленген.
Қазақстан кәсіпкері Оңтүстік Корея президентінің сыйлығын еншіледі
1,281
оқылды

Қазақстан кәсіпкері Оңтүстік Корея президентінің сыйлығымен марапатталды, жүлдені Президент Юн Сок Ель атынан Дмитрий Лиге Инчхон қаласының мэрі тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан азаматы басқарып отырған компания бір жыл ішінде 30 миллион долларға тауар экспорттап, жергілікті биліктің ерекше ықыласына бөленген. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы хабарлады.

Дмитрий Ли Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға 2019 жылы көшіп барған. Бастапқыда жүргізуші болып жұмыс істеп, кейін көлік экспортымен айналысатын компания құрған. Кореяға көшкенге дейін жерлесіміз еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. KAZAKH-TV арнасында ағылшын тілінде жаңалықтарды жүргізді.

"Бұл сыйлықтың иегерлері Корея экономикасына қомақты үлес қосты. Біз экспорттаушыларды жергілікті және шетелдік деп бөлмейміз. Жүлде кем дегенде 1 миллион долларға кореялық тауарларды экспорттаған бизнесмендерге беріледі", – дейді Корея сауда қауымдастығының Инчхон орталығы директоры Сим Джун Сок

"Әрине, мұнда жергілікті кәсіпкерлермен салыстырғанда, бізге, шетелдіктерге әлдеқайда қиын. Өйткені тіл мен заңнаманы жақсы біле бермейсің. Мұның бәрін зерттеуге көп уақыт қажет. Бірақ маған бірнеше шет тілді, оның ішінде ағылшын мен орыс тілін жетік білетінім көп көмектесті. Әсіресе шетелдік сатып алушылармен кездесіп, байланыс орнатуыма септігін тигізді", – деп атап өтті Автокөлік экспорттаушы компанияның басшысы Дмитрий Ли.