Жарылыстың алдын ала себебі – табиғи газ құбырындағы қысымның жоғарылауынан болуы мүмкін деген болжам бар.
Алматы облысында екі жеке тұрғын үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті
883
оқылды

Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

"17 желтоқсан сағат 06:15-те Гүлдала ауылы Байтұрсынов көшесі, 67 мекенжайындағы және сағат 08:20-да Гүлдала ауылы, Сүйінбай көшесі, 34 мекенжайындағы жеке тұрғын үйлерде газ-ауа қоспасынан газ жарылды. Жарылыс салдарынан 4 адам зардап шекті. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Жарылыстың алдын ала себебі – табиғи газ құбырындағы қысымның жоғарылауынан болуы мүмкін деген болжам бар. Нақты себебін анықтау үшін Төтенше жағдайлар департаменті жұмыс жүргізіп жатыр", – деп жазды Талғар аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков оқиға орнына барды.

Гүлдала ауылдық округі әкімінің аппаратына және аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне алдын алу шараларын ұйымдастырып, тұрғын үйлерді аралап, тексеру жұмыстарын қолға алуды тапсырды.