Алматы қаласында «Қазақстан аруы-2023» ұлттық сұлулық байқауының финалы ұйымдастырылды.
Сұлулар сайысы: биылғы Қазақстан аруы кім?
1,320
оқылды

Биылғы байқаудың жеңімпазы Сабина Ыдырысова атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Биылғы байқау экологияны қорғауға бағытталған “Болашақты аяла” – “Защити будущее” ұранымен ұйымдастырылды. Ақтық сынға көп сұлудың ішінен іріктелген 25 қыз қатысты.

Қазылар ең әуелі 25 қатысушының ішінен үздік 12 қызды анықтады. Кейін 5 қыздың ішінен жеңімпаздың есімі белгілі болды.

Нәтижесінде “Көрермен дауысына ие болған ару-2023” аталымы Аделлина Балғымбаеваға, “Қазақстан вице-аруы-2023” аталымы Ботагөз Нұржігітоваға, “Қазақстан Жер аруы-2023” аталымы Аяулым Әлімхалиеваға, “Қазақстан әлем аруы-2023” аталымы Мадина Әлмұхановаға бұйырды.

Ал Сабина Ыдырысова “Қазақстан аруы-2023” атанды. Байқау жеңімпазы «Әлем аруы» атағы үшін бақ сынайды.

«Қазақстан аруы-2023» жеңімпазына 5 миллион теңге ақшалай сыйлық пен халықаралық деңгейдегі конкурстарға қатысу мүмкіндігі берілді. Қала берді, «Тұран» университетінде грантта білім алу құқығы, конкурстың эксклюзивті сыйлығы бьюти-бокс табысталды.

Сабина – кәсіби балерина. Селезнев атындағы білім ордасын тәмамдап, бірнеше жыл «Астана Балет» театрында жұмыс істеді. Қазір ол қазақ және ағылшын тілдерін жетік меңгеріп, актерлік білім алуды жоспарлап отыр.