Ганьсу провинциясының Цзишишань уезінде магнитудасы 6,2-ге жеткен жер сілкінісі болды
Қытайда күшті жер сілкінісі болып, 111 адам көз жұмды
Фото: China Daily/REUTERS
2,006
оқылды

Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Ганьсу провинциясында күшті жер сілкінісі болып, салдарынан 111 адам қайтыс болды,  деп хабарлайды Aikyn.kz Синьхуа ақпарат агенттігіне жасап.

Жер сілкінісі салдарын жою бойынша жергілікті штабтың хабарлауынша, дүйсенбі күні кешке Ганьсу провинциясының Цзишишань уезінде магнитудасы 6,2-ге дейін жеткен жер сілкінісі тіркелген.

Салдарынан 111 адам қаза тауып, 96 адам жарақат алды.

Жер сілкінісінің ошағы болған ауданда тұрғын үйлер мен инфрақұрылымға зақым келген, сумен жабдықтау және электр қуаты үзіліп, жолдар қираған.