Көлікте 5 оқушы, 1 мұғалім болған.
Ақтөбе облысында олимпиадаға бара жатқан оқушылар жол апатына ұшырады
1,894
оқылды

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында таксиге мінген 5 оқушы мен 1 мұғалім жол апатына ұшырады. Әзірге олардың жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ырғыз ауданы әкімдігінің хабарлауынша, Toyota Alphard машинасы жүк көлігіне соғылған.

«Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне бара жатқан 5 оқушы, 1 мұғалім таксиге мінген. Оқиға орнына Ырғыз аудандық білім бөлімі қызметкері бара жатыр»,  деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.