Астана қалалық жол полициясының мәліметінше, Ravon Nexia көлігінің 22 жастағы жүргізушісі жолда апатты жағдай туғызған.
Астанада жеңіл көліктің кесірінен автобус апатқа ұшырады
547
оқылды

Жеңіл көліктің кесірінен "Голаз 5241110" (автобус) көлігінің жүргізушісі бейнебақылау камерасының тірегіне соқтығысқан, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.

Ravon Nexia жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі "Көлiк құралдары жүргізушілерінің адам денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдануына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік іс қозғалған.