Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ санатында рейтингін жақсартты.
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде алғашқы үштікке кірді
1,060
оқылды

Sports.kz жазғандай, жаңартылған тізімде «Номад» лақап атымен танымал спортшы үздік үштікті түйіндеп тұр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның алдында Белал Мұхаммад (2-орын), Камару Усман (1-орын) және чемпион Леон Эдвардс орналасқан. Колби Ковингтон бесінші орынға сырғыды.

Еске салайық, UFC 296 турнирінде Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды екінші раунд соңында қылқындыру әдісімен жеңді. Бұл – Шавкаттың промоушн айқастарындағы алтыншы жеңісі. Файтеріміз бәрін уақытынан бұрын жеңіп келе жатыр. Сөйтіп, ол UFC тарихына енді.