Мектептердегі компьютерлеріне тиісті бұғаттау қойылды.
Түркістан облысында 4 мектеп директоры жауапқа тартылды
7,318
оқылды

Түркістан облысында 4 мектеп директоры тыйым салынған сайттарға кіруге кедергі жасамағаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сарыағаш аудандық прокуратурасы аудан аумағындағы мектептердегі интернет желілеріне қосылған компьютерлерге тексеру жүргізу барысында тыйым салынған сайттарға (порнографиялық, букмекерлік ойындар және т.б.) кіруге кедергі жасалмағанын анықтады.

Соның салдарынан информатика пәні бойынша сабақ кезінде оқушылар интернет арқылы тыйым салынған сайттарға кірген.

– Сарыағаш аудандық прокуратурасы енгізген прокурорлық қадағалау актісі негізінде 77 мектептің компьютерлеріне тиісті бұғаттау қойылып, кінәлі тұлғалар (4 мектеп директоры) тәртіптік жауапқа тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.