Бұған қар жауып, боран соғып, айналаның көріну деңгейінің төмендеуі себеп болған.
Еліміздің екі өңірінде республикалық жол учаскелері жабылды
1,504
оқылды

Сондай-ақ жолды тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты еліміздің екі облысында республикалық маңызы бар тасжолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен жазғандай, 20 желтоқсанда мына жол учаскелері жабылды:

Жамбыл облысында "Алматы-Ташкент-Термез" тасжолының 159-238 шақырым аралығы, Кенен стансасынан Қайнар ауылына (Жаңа Қордай асуы) дейін -79 шақырым;

Жетісу облысында "Үшарал-Достық" тасжолының 84-184 шақырым аралығы, Көктұма стансасынан Достық стансасына дейін – 100 шақырым; "Сарыөзек-Көктал" тасжолының 45-68  шақырым аралығы, (Алтын Емел асуы).

Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады.