Будапештте өткен шайбалы хоккейден жастар арасында ІА дивизионының әлем чемпионаты аяқталды. Жаһандық додада бақ сынаған Қазақстан жастар құрамасы мерзімі­нен бұрын біріншіліктің бас жүлдесін жеңіп алды.
Бас жүлдені жеңіп алды
2,129
оқылды

Қазақстандық хоккейшілер бастапқы төрт ойында Мажарстан, Франция, Дания және Жапония құрамаларын жеңсе, соңғы матчта Аустрия жастарына булиттер серия­сында есе жіберді. Жарыс қорытындысында қазақстандық спортшылар 13 ұпаймен бірінші орын иеленді. Франция құрамасы – екінші, даниялықтар үшінші орынға ие болды. 

Еске сала кетейік, осы жылдың сәуір айында Қазақ­стан жасөспірімдер құрамасы IA дивизионындағы әлем чемпионатында бірінші орынды иеленіп, элиталы топқа көтерілген болатын. Ол кезде де ұлттық құрамаға Сергей Старыгин жетекшілік еткен еді. Ал ересектер құрамасы топтық кезеңде үш рет жеңіске жетіп, элиталы топтағы орнын сақтап қалды және топ-дивизионда қатарынан төртінші жыл ойнағалы отыр.