Әлеуметтік желілерде өңірдің Атбасар, Көкшетау, Щучинск, Зеренді және басқа да аймақтарында еліктердің емін-еркін, топ-тобымен елдімекен ішінде жүргені жайлы видеолар мен фотосуреттер таралып кетті.
Ақмола облысында еліктер неге қаптап кетті? – мамандар түсініктеме берді
1,994
оқылды

Көкшетау және басқа да Ақмола облысының аудандарында соңғы күндері еліктер қаптап кеткен еді. Тіпті, қаланың ішіне кіріп, көшелерде ойқастай жүгірген дала еркесі көпшілікті таңғалдырған. Құзырлы орган мамандары еліктердің не үшін елді мекендерге жақын келгенін түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желілерде өңірдің Атбасар, Көкшетау, Щучинск, Зеренді және басқа да аймақтарында еліктердің емін-еркін, топ-тобымен елді мекен ішінде жүргені жайлы видеолар мен фотосуреттер таралып кетті. Ақмола облысының өңірлік орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бақылауынша еліктерді қанша қуғанмен, елді мекендердің айналасынан ешқайда кетер емес. Мамандар олардың азық таппаудан емес, керісінше елді мекенде суықтан пана іздеп келуі мүмкін деп болжайды. 

– Расында, қазіргі уақытта өңірде еліктер, әсіресе елді мекен аймақтарына тым жақын келіп, тіпті қала ішіне кіріп кетіп жатқандары да бар. Біздің мамандар қазір күні-түні «Охотзоопром» мамандарымен, аң шаруашылықтары және орманшылармен бірге еліктерді қуып, алаңқайларға оларға жемшөп беріп жатыр. Дала жануарлары елді мекендерге суықтан пана іздеп келгенге ұқсайды. Жемшөптен тарығып келді деуге келмейді. Өйткені  еліктердің бәрінің де күйі жақсы. Оны өз көзімізбен көріп қайттық. Ұлттық парктің Зеренді филиалында еліктерге жемшөп беріп жатыр. Еліктердің өлім-жітімі тіркелмеді. Браконьерлер ауламады, – дейді Ақмола облысы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының басшысы Лашынтай Дүйсенов. 

Қазір еліктерді бақылауға алды. Тұрғындар қамқорлықпен қарап отыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы