Бір жасар баланы ата-анасы 10 жастағы ағасының көмегімен алып шыққан.
Түркістан облысында бір жасар бала септикке түсіп кеткен
839
оқылды

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында бір жасар бала көшедегі дәретханаға түсіп кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Отырар" сайтына сілтеме жасап.

Баланың үйде жоғын анасы байқап қалған. Бір жасар баланы ата-анасы 10 жастағы ағасының көмегімен алып шыққан. 

10 жастағы баланың беліне арқан байлап, септикке түсіріп, артынша екі баланы алып шыққан. 

4-сынып оқушысын облыстық Төтенше жағдай департаментіндегілер алғыс хатпен марапаттаған.