Сыр өңірінде жолға қатысты мәселе жұртшылықты алаңдатып тұр. Әсіресе, күрежол бойындағы келеңсіздікке күйінген тұрғын­дар­дың айтары аз емес.
Күре жолда күрмеу көп
757
оқылды

Жалпы, өңірде «Батыс Еуропа – Ба­тыс Қытай» жолының маңызы зор. Осы жол бойында қо­ныс­тан­ған Сыр халқын тасжолға қатысты түй­т­кіл толғандырады. Соның ішінде кү­ре­жолдың Қызылорда мен Ақтөбе об­лысы аралығындағы бөлігінде жол-кө­лік оқиғасы жиі болады. Себебі осы ара­лықтағы жол екі жолақпен салынған.Соған орай көпшілік атал­мыш жол бөлігін төрт жолаққа ауыс­ты­рып, бірінші санатқа көшірсе деген ті­легін жеткізіп отыр. 

Негізінен, Сыр өңірінен аталмыш кү­ре­жолдың 810 шақырымы өтеді. Со­ның ішінде осы халықаралық авто­дә­лі­здің 566 шақырымы Қызылорда мен Ақ­төбе облыстарының аралығына тие­сілі. Талай тағдырды тиеп, темір тұл­па­рын тізгіндегендер бұл аралықта күніне ты­нымсыз ағылып жатыр. Жолдың қау­­пін бұл аумақпен ерсілі-қарсылы қа­ты­нап жатқан көлік иелерінен сұра­саңыз, қорқынышпен баяндап береді. Жолда жүрген жолаушылар күрежолдан күніне талай жол-көлік оқиғаларының куәсі болатынын алға тартады. Соның салдарынан көптеген адам зардап шексе де, екі жолақты жолда екпіндеп жүрген кө­лік тізгіндеушілер сақтық шараларына бейқам қарайтын да сияқты. Ең дұрысы, жол­ды жеделдете бірінші санатқа ауыс­ты­рып, төрт жолаққа көшірмесе, жол апаты азаймайтынға ұқ­сай­ды. Тұр­ғылықты халық осылай деп да­был қа­ғып отыр.

«Халықаралық автодәліздің Қызы­л­ор­да облысы аумағынан өтетін бөлігінің 2 жолақты болып салынуын түсіне ал­ма­дық. Бұл аумақпен күніне жеңіл кө­лік­пен қатар, жүк көліктері ерсілі-қар­сы­лы қатынап жатыр. Ал жолдың қазіргі күйі талапқа сай келмейтіні байқалады. Талай тағдыр тасжолда талқандалып жат­қаны жасырын емес. Бұл жайында тиіс­ті орындарға қаншама мәрте айттық. Бір­ақ әзірге нәтиже болмай тұр. Көлік қақ­тығысынан адам шығынын бол­дыр­мау үшін бұл мәселе жедел шешілуі тиіс деп ойлаймын. Соған орай жолды ке­ңей­­тіп, халыққа жағдай жасаула­ры­ңыз­ды сұ­раймын», – дейді Арал аудандық қо­ғам­­дық кеңес мүшесі, аудан тұрғыны Тілеу­жан Сүлейменов.

Мәліметке сәйкес, бұл жолдың Түр­­­кі­с­тан мен Қызылорданы байла­ныс­ты­ра­тын 244,5 шақырымы төрт жолақты бол­са, Ақтөбе облысына дейінгі ІІ-са­нат­тағы 566 шақырымы екі жолақты бо­лып салынған. Бұл мәселе жер­гілікті әкімдіктің де назарынан тыс емес. Алайда жұмыстың қашан баста­ла­ты­ны әзірге нақты айтылмай тұр. Халық осы­лай деп мұңын шағады. 

«Қазір аталмыш жолда жүйткіген кө­ліктердің санында есеп жоқ. Қаз-қа­тар тізілген жүк көліктері де толассыз ағылу­да. Діттеген жеріңе жеткенше жа­ның­ды шүберекке түйіп отырасың. Жол бойы­на түрлі жағдай болып жат­қанын ес­тігенде тіпті жаның түршігеді. Жер­гі­лік­ті әкімдікке бұл жағ­дай мәселе ретін­де талайдан бері айтылып келеді. Осы орай­да күре жолдағы келеңсіздікті қал­пы­на келтіретін уақыт жеткенін қапер­ден шығармауымыз керек. Яғни, күре­жол­дың аумағын кеңейтіп, төрт жолаққа ауыс­тырса нұр үстіне нұр болар еді», – дей­ді ауданның тағы бір тұрғыны Айнұр Рыс­баева.

Ал Қызылорда облыстық жолаушы­лар көлігі және Автомобиль жолдары бас­­­­қармасы жолдың қауіптілігі өршіп тұр­ғанын жоққа шығармайды. Бұл мә­се­ле назарда тұрғанын айтып, келер жы­лы тиісті жұмыстар атқарылатынын жет­кізді.

«Қай кезде де жол инфрақүрылымы – өте маңызды, әрі күрделі сала. Бұл тұр­ғыда жол бойындағы қауіпсіздік мә­селесі де назардан тыс емес. Халық­ара­лық дәліз бойындағы түйткіл төңірегінде құ­зырлы орындар хабардар. Бұл мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың облысқа сапарында да жан-жақты зерделеніп, оңтайлы шешімін таба білді. Олай дейтініміз, Президент күрежолдың Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі ара­лығындағы 566 шақырымды 4 жо­лақ­ты жолға ауыстыру жөніндегі жергілікті би­ліктің бастамасын қолдап, оны кеңей­туді тезірек бастау қажеттілігіне назар аударды. Үкімет басшысының бірінші орын­басары Роман Склярға облыс хал­қын толғандырған мәселені бақылауға алу­ды тапсырды. Бұл жобаның жобалау-сме­талық құжаттамаларын әзірлеу келе­сі жылдан басталатын болды. Оның бол­­жамды құны – шамамен 1,1 трлн тең­­гені құрап отыр. Бұл жобалар сәтті жү­­зеге асырылса, тек Қызылорда облы­сы ғана емес, көршілес орналасқан об­лыс­­тар­дың әлеуметтік-эко­номикалық дамуы­­на оң әсер беретін болады», – деп мә­лімдеді бұл жайында басқарма мамандары.

Басқарманың хабарлауынша, облыс та­рапынан Көлік министрі М. Қа­ра­баев­қа биыл 12 қыркүйекте №01-3/5101-И ха­ты жолданған. Онда аталған жолдың жо­балау-сметалық құжаттамаларын 2024 жылы әзірлеп, жөндеу жұмыс­та­рын бастауға ықпал жасау сұратылғанын мәлім етті.

Осылайша, құзырлы басқарма Сыр хал­қының сұрауы келер жыл еншісінде толық шешімін табатынына сендіріп отыр.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы