Бұл жағдай 23 желтоқсанында Шымкент-Алматы бағытында болған.
FlyArystan ұшағының апаттық есікті ашып жіберген жолаушы жауапқа тартылады
1,927
оқылды

FlyArystan-ның ұшағында жолаушы жерге қонған соң, апаттық есікті ашып жіберген, - деп хабарлаййдыы Aikyn.kz.

Енді азаматқа тәртіпті бұзғаны үшін тергеу шаралары жүргізіледі.

Әлеуметтік желіде FlyArystan ұшағының бортында түсірілген бейнежазба тарады. Кадрда жолаушы апаттық есікті ашып жібергенін көруге болады.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, бұл жағдай 23 желтоқсанында Шымкент-Алматы бағыты бойынша FlyArystan әуекомпаниясының KC7106 рейсі қонған соң жергілікті уақыт бойынша сағат 01:19-да болған.

Кейін әуекемесі тексеріліп, қайта ұшу жұмыстарына рұқсат етілді. Жолаушы шара қолдану үшін Ішкі істер министрлігіне тапсырылды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі оған және әуе баспалдақтарын жеткізуге жауапты әуежай қызметтеріне қатысты тиісті тергеу жүргізбек.

@corgi_sandy #flyarystan #kazakhstan ♬ оригинальный звук - corgi_sandy