Changan, Chery, Haval брендтерінің мультибрендтік зауыты – жылына 90 мың авто және Orbis Manufacturing зауыты – жылына 80 мың авто құрылады.
Қытай көліктері Алматыда құрастырылатын болды
1,867
оқылды

Алдағы екі жылда Алматыда Қытай көліктерінің өндірісі іске қосылады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының хабарлауынша, кемінде 220 мың авто өндірісі бар автокластерді қалыптастыру шеңберінде жобалық қуаты 170 мың автомобильге дейінгі 2 жаңа автозауытты іске қосу жоспарлануда.

Осы жоба аясында қытайлық Changan, Chery, Haval брендтерінің мультибрендтік зауыты – жылына 90 мың авто және Orbis Manufacturing зауыты – жылына 80 мың авто құрылады.

Алматыда экономиканы сапалы дамыту үшін жыл сайын 10% деңгейінде өсіммен инвестициялар тарту жоспарлануда. 2024 жылы - 1,8 трлн теңге, 2025 жылы – 2,1 трлн теңге. Индустриялық аймақты кеңейту 2025-2026 жылдары 230 млрд теңге сомасына қосымша жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл шаралар Алматы экономикасының 2025 жылы 6,5%-ға дейін өсуін жеделдетуге бағытталған.