Талғат Ардан бес жылдан бері іздеуде жүр. Қанат Сұлтанбеков төрт жыл бұрын қашып кеткен.
Астанадағы LRT ісі: Антикор екі адамды елге жеткізу жұмыстары туралы айтты
1,163
оқылды

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астананың экс-әкімі Қанат Сұлтанбеков пен LRT ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Арданды іздеу және экстрадициялау туралы жұмыстары қалай жүріп жатқанын мәлімдеді,-  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Антикордың дерегінше, қабылданған шаралар нәтижесінде Сұлтанбековтің АҚШ-та екені анықталған.

"Сонымен қатар АҚШ заңнамасына сәйкес, Интерполдың қызыл бюллетенінің болуы (экстрадициялау мақсатында адамды іздеу және қамауға алу туралы халықаралық хабарлама) қылмысқа қатысы бар адамды ұстауға және оны Қазақстанға экстрадициялауға негіз бола алмайды", - деп хабарлады агенттік.

Мұныменқоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Талғат Арданның қайда екенін анықтамағандарын жеткізді. 

"Іздеудегі Арданға қатысты, оның ішінде Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық бюросының шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен ынтымақтастығы аясында жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - делінген жауапта.

Осы тұста айта кетсек, Талғат Ардан бес жылдан бері іздеуде жүр. Қанат Сұлтанбеков төрт жыл бұрын қашып кеткен.