24 желтоқсанда сағат 03.35-те Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы Фрунзе және Алматы көшелерінің қиылысында ірі
өрттің болғаны туралы хабарлама түскен.
Есік қаласында бірнеше сауда үйі өртеніп кетті
1,186
оқылды

Ведомствоның мәліметінше, шатыр, билбордтар, перде мен кілем павильондары өртенген, жиһаз және «Со склада» азық-түлік дүкені, кейін «Пассаж» сауда үйі мен «Шамшат» сауда үйі өртке оранған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖД оқиға орнына дереу департаменттің күштері мен құралдары жіберілгенін атап өтті.

"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері сағат 03.40-та жеткенде сауда павильондары, дүкендер мен «Пассаж» сауда орталығының шатыры жанып кеткен. Оқиға орнына жақын маңдағы бөлімшелердің күштері мен құралдары да жіберілді. Өрттің үлкен аумаққа таралуына өрт туралы кешігіп хабарлау себеп болып отыр. Қабылданған шаралар нәтижесінде өрт сағат 06.20-да оқшауланып, сағат 07.40-та сөндірілді. Жалпы, өрттің ауданы 1 958 шаршы метр", - деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрттің жақын маңдағы «Халифа» сауда үйіне, киім-кешек қоймасы мен жиһаз дүкеніне таралуына жол берілмеген.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің тергеу бөлімінің бастығы мен өртке қарсы сынақ қоймасы жіберілді.

Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 34 қызметкер мен 11 техника, жол-патрульдік қызметтен 6 қызметкер мен 3 техника, жедел медициналық жәрдем бригадасынан 6 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.