Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды
2,407
оқылды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Мәди Ахметов Алматы облысы жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Мәди Абылайұлы Ахметов 1995 жылы 18 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.

Әр жылдары «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Халықаралық бизнес университетінің Қоғаммен байланыс жөніндегі Менеджері, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты лауазымдарын атқарған, Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында штаттан тыс кеңесшісі ретінде қызмет атқарған.