Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылының маңында Volvo және Mercedes жүк көліктері соқтығысып қалды.
Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соқтығысты, адам шығыны бар
700
оқылды

25 желтоқсан күні таңертең Самара-Шымкент тасжолында ірі жол апаты орын алды, – деп жазды Aikyn.kz.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, соққы салдарынан Volvo жүк көлігі өртеніп кеткен. 

Volvo жүк көлігінің жүргізушісі, Түркістан облысының тұрғыны оқиға орнында қаза тапты, ал Mercedes-тің жүргізушісі мен Volvo-ның жолаушысы Әйтеке би ауданындағы орталық ауруханаға жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы фактісіне сәйкес, ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.