Боксшы бірнеше күннен бері іздестіріліп жатқан еді.
Із-түзсіз жоғалып кеткен белгілі боксшы Серік Нұрқазов табылды
2,886
оқылды

Алматыда жоғалып кеткен 64 жастағы боксшы Серік Нұрқазов аман-есен табылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«1959 жылы туған С.Нұрқазов аман-есен табылып, туыстарына тапсырылды. Бұрын хабарланғандай, із-түзсіз жоғалған азаматтың мекенжайын анықтау үшін арнайы іздеу тобы құрылған еді», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Спортшының қайдан табылғаны жайлы ақпарат айтылмаған.

Бұдан бұрын белгілі боксшы 14 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағаны жайлы хабарлаған едік.