Тіпті көпбалалы ана өрт сөндірушілердің келуін күтпеген.
Шымкентте алты баланы өрттен аман алып қалған әйел төтенше оқиға туралы айтты
656
оқылды

Шымкентте саяжайдағы жеке үй өртеніп, ата-анасының қарауынсыз қалған алты баланы көпбалалы ана құтқарып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Түн ішінде үйден шыққан жалынды көрші тұратын 27 жастағы келіншек Марина Гафарова байқап, балалардың бәрін өрттен аман алып шыққан. Тіпті көпбалалы ана өрт сөндірушілердің келуін күтпеген. 

"Үйдегі қоқысты көшеге алып шыққанмын. Он айлық баланың дауысын естимін. Шыңғырған, жылаған. Төбе жағынан қараймын. Түтін мен от шығып жатыр. Шығып қарасам 10 жасар бала 10 айлық баланы қолына ұстап тұр. Жағасынан ұстап, мына дарбазаға дейін алып келдім. Кейін қайта ішке кірдім жанып жатқан жерге. Оң жағымда газ баллон тұр. Түтін. 4 баланы алып шыға алмайтынымды түсініп тұрмын. Өзім де, бала-шаға да өледі. Ең бастысы айқайлаймын "Кім бар?" деп, 12 жасар бала біз бармыз дейді. "Терезенің алдына бар балаларды алып" деп, мына жаққа жүгірдім. Мына жақта шәйнек па бірдеңе тұрған. Сонымен терезені сындыруды бастаймын", – Шымкент қаласының тұрғыны Марина Гафарова. 

Әйел балаларды үйіне алып келген соң жылы сүт пен жылы су беріпті. Сөзінше, бүлдіршіндерді құтқаруды ойлағандықтан мүлде қорықпаған.