Қазір қалада ет және сүт өнімдерін сатуға, ит пен мысық көрмесін өткізуге және малды елді мекеннен тыс жерге шығаруға тыйым салынды.
Қарқаралыда тұрғындарға шапқан қасқырдан құтырма ауруы анықталған
фото: arbatmedia.kz
1,059
оқылды

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында тұрғындарға шапқан қасқырдан құтырма ауруы анықталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz qazaqstantv-ға сілтеме жасап.

Қазір қалада ет және сүт өнімдерін сатуға, ит пен мысық көрмесін өткізуге және малды елді мекеннен тыс жерге шығаруға тыйым салынды. 

Айта кетейік, ауылға қасқыр кіріп, таңертең ертемен жұмысқа бара жатқан үш адамға шапқан. Осыдан соң жартқыш аң іздестіріліп, атып өлтірілген болатын. Ал зардап шеккен үш азаматшаға тиісті медициналық көмек көрсетіліп, құтырмаға қарсы екпе салынды.