“Қызымның жасы 17-де, алайын деп тұрған адамы – әртіс. Тойы болатын уақытта ұшып-қонып жүр. Сенім артуға болатын дұрыс адам ба?” – деп сұрапты.
Енем маған сенбеген: Мейрамбек Бесбаев үйленген кезін есіне алды
9,683
оқылды

Танымал эстрада әншісі Мейрамбек Бесбаев 20 жыл бұрын үйленген кезін есіне алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Ұйқым келмейді” бағдарламасына қонақ болған өнер иесі кәмелет жасқа толмаған қызға ғашық болғанын атап өткен.

“Биыл отбасы құрғанымызға 20 жыл толады. Мархабат мені таныған жоқ. Орысша сөйлеп, орысша тәрбиеленген екен. Үйленгеннен кейін қазақша сөйлеп, қазақы ортаға сіңіп кетті. 18 жасқа толғанын күтіп, шаңырақ көтердік. Жастық кезең ешқашан ұмытылмайды. Үйленетін күні  Астанадан ұшып келдім. 2004 жыл, 8 шілде – үйленген күніміз. Ол кезде тойға үлгермей қаламын деген ой жоқ. Той-томалық, концерттерден қалмаймыз. Бір күнге бас тарту да ойға келмепті. Енем менің қызына деген сезіміме сенбеген. “Қызымның жасы 17-де, алайын деп тұрған адамы – әртіс. Тойы болатын уақытта ұшып-қонып жүр. Сенім артуға болатын дұрыс адам ба?” деп сұрапты. Қазір енемнің сүйікті күйеу баласымын. Мархабатқа да ризамын”, – дейді әнші. 

Сондай-ақ әнші балалары туралы да айтып берді. Үлкен қызы Кәусар – 16 жаста, ұлы Абухайыр 2-сыныпта оқиды.

"Менің ең сүйікті жанкүйерлерім. Абухайыр машина мінсе болды “папаның әнін қос” дейді. Болашақта кім болатынын өздері шешеді. Бірақ кішкентай кездерінен бастап барлық үйірмелерге бердік. Кәусар домбыраға да қызығады. Абухайыр каратэге барып жүр. Қызығатын салаға бара берсін, өсе келе өзіне керегін таңдап алады”, – деп ағынан жарылды әнші.