Ер адамның видеосы қоғам арасында үлкен үрей мен резонанс тудырған.
"Ауылға қасқыр шапты": Ақмолада полиция қасқырдың шабуылы жайлы видеоға пікір білдірді
884
оқылды

Полиция Ақмола облысының Зеренді ауданына қасқыр шапқанын жоққа шығарды. Желіде таралған видео фейк болып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Естеріңізге сала кетсек «Ақмола облысының Зеренді ауданында ауылдарға қасқыр шапты. Викторовка ауылында екі қасқыр ұсталды» деген сипаттағы ер адамның видеосы желдей есіп, қоғам арасында үлкен үрей мен резонанс тудырған. 

– Бұл әзіл емес. Ақмола облысының Викторовка селосында екі қасқырды атып алды. Қазір қасқырлар әуегімен жүр. Ауылдарға шабуылдайды. Сондықтан өз шаруашылықтарыңызды, туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды қорғап, балаларды жалғыз ешқайда шығармаңыздар. Жақында Атбасардан да күтіңіздер. Өйткені көп киіктер мен еліктер сол жаққа өтті. Мың бастан асады. Сондықтан да қасқырлар жуық арада сол жаққа өтеді. Осы видеоны таратып, бәрін үйде ұстаңыздар, – дейді видеодағы ер адам. 

Қоғам арасында үлкен резонанс тудырғандықтан тексеріс жүргізген жергілікті полиция қызметкерлері аталған видеоға қатысты пікір білдірді. 

– Зеренді ауданы аумағында қасқырлардың болуы немесе Викторовка ауылында өлтірілгені туралы айтылған фактілер ойдан шығарылған және шын мәнінде расталмады. Облыс тұрғындарын тыныштық сақтап тек тексерілген ақпарат көзіне сенуге шақырамыз, – деді Ақмола облысының Полиция департаментінен. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Ақмола облысы