Бұл жұмысты Канн кинофестивалінің екі дүркін лауреаты, кинорежиссер Сергей Дворцевой қолға алмақ.
Әмір Темір құйған: Түркістандағы тайқазан туралы кино түсіріледі
1,736
оқылды

Режиссер Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің басты жәдігері – тайқазанның қалай жасалғаны туралы тарихи фильм түсіруді бастағанын мәлімдеді, -  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, нақты тарихи фактілер бар, тайқазанда шебердің есімі жазылған. Сондай-ақ тайқазанға Әмір Темір тапсырыс бергені жөнінде факті бар, тайқазан қай жылдары дайын болғаны да белгілі.

"Тарихи фактілердің барлығы мен үшін өте маңызды, себебі танымал тарихи деректерге негізделген сурет салғым келеді. Ең беделді қазақстандық және шетелдік тарихшылар мен археологтер бұл фактілерді барынша нақтылауға көмектеседі", — деді режиссер.

Әмір Темірдің тапсырысымен дайындалған тайқазанды қалай құйғаны туралы кино шетелдік көрерменге өте қызықты болады. Өйткені Ақсақ Темірді білгенімен, тайқазан туралы біле бермейді.

Негізгі түсірілім орындары - Түркістан және Қарнақ. Халықаралық киножобаға шетелдік және отандық кино жұлдыздары мен киноиндустрия өкілдері қатысады.