29 жастағы ер адам 30 желтоқсан күні табылған.
Алматыда 3 жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт аман-есен табылды
2,188
оқылды

Алматыда үш жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам аман-есен табылды. Aikyn.kz бұл туралы lider.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

1994 жылы туған Тойлыбаев Жәнібек Жанатұлы 2020 жылдың 20 қаңтарында жоғалып кеткен. Сол күні ол Әуезов ауданы, Мамыр-7 шағын ауданы, 8 үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері одан еш хабар болмаған.

Бойы – 175 см, дене тұрқы орташа, шашы қара, көзі қоңыр, ернінің астында меңі бар.

Еріктілердің айтуынша, ол 30 желтоқсанда табылған. Желі қолданушылары ер адамның бұл күнге дейін қайда болғанын сұраған. Алайда еріктілер бұл сұраққа жауап бермеді.