Ното түбегіндегі жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тапты.
Жапонияда болған күшті жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны өсіп жатыр
astanatv.kz
1,026
оқылды
Жапонияда болған күшті жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 24 адамға жетті.
"Ното түбегіндегі жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тапты", – деп хабарлайды Киодо агенттігі.

1 қаңтарда Жапонияның орталық аймағында магнитудасы 3,6-дан 7,6-ға дейінгі бірқатар жер сілкінісі болды. Күшті жерасты дүмпулері Осака мен Киотода, Токиода сезілді. Ел цунами қаупін жариялады.

 

Құтқарушылар үйінділерді тазалап жатыр. Оның астында әлі де адамдар болуы мүмкін.

Бұған дейін алты адам қазақ тапқаны хабарланған еді.