Мұның себебін белгілі спорт сарапшысы айтты.
Шавкат Рахмонов UFC белбеуіне неге үміткер болмайды?
4,412
оқылды

Белгілі комментатор, ММА сарапшысы Давид Багдасарян жартылай орта салмақтағы UFC чемпиондық белбеуіне қатысты пікірімен бөлісті. Оның ойынша, жеңіліп көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмоновқа (18-0) бірінші нөмірлі үміткер мәртебесін алу үшін тағы бір жеңіс керек, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен Шавкат титулдық жекпе-жек алдында тағы бір жекпе-жек өткізуге тура келетінін бірнеше рет айтқанмын. Өйткені менің ойымша, UFC басшылығы Белал Мұхаммадты тағы бір рет титулдық бойға жібермейді. Оның жеңісті сериясы жақсы. Оған қоса, Белал соңғы рет титулды сәтті қорғады. Шавкат бір үміткерді жіберіп, содан кейін айқасатын шығар. Шавкаттың командасы да бұған дайын.

Менеджер Саят Әбдірахмановтың жоспарына қарағанда, олардың енді екі жолы бар: егер бұл титулдық жекпе-жек болмаса, Колби Ковингтонды қалайды. Бірақ олар бұл жекпе-жектің орын алуы екіталай екенін түсінеді. Содан кейін екінші нұсқа бар. Олар Маддалена-Бернс жекпе-жегінің жеңімпазымен күш сынасады. Джек Делла Маддалена жеңсе жақсы болар еді. Өйткені Саят айтқандай,  Маддалена Шавкатқа қарсылас ретінде өте қызық жекпе-жек болады. Сонымен қатар егер Джек Бернсті жеңсе, ол рейтингте Шавкаттан да жоғары көтерілуі мүмкін. Бұл қос жауынгердің жұдырықтасуына негіз болады", - деді Багдасарян Captain Hardcore YouTube арнасында.

Естеріңізге сала кетейік, 77 келіге дейінгі салмақтағы әлем чемпионы ағылшындық Леон Эдвардс (22-3-0-1). Ал үздік үштікке экс-чемпион Камару Усман (20-4), Мухаммад (23-3-0-1) және Рахмонов кіреді. Жоғарыда аталған Бернс (22-6) және Делла Маддалена (16-2) сәйкесінше 4 және 11-орындарға жайғасқан. 

 

Фото: qaz365.kz