Ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады.
Синоптиктер алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
9,419
оқылды

"Қазгидромет" 4-6 қаңтар аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Қазақстан аумағының басым бөлігінде әлі де құбылмалы тұрақсыз ауа райы сақталады.

Жауын-шашын, негізінен қар жауады, бұрқасын көтеріліп, көктайғақ, екпінді жел соғады.

Ал елдің оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашын жаумайды деп болжанып отыр.

Республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнде ауа температурасы 0-13 градус аяздан 5-25 градус аязға дейін ауытқиды.