Адамның көмекшісі бола алатын жасанды интеллект жүйелері 2024 жылдан бастап қолжетімді бола бастады. Microsoft корпорациясы бұрын ақылы болып келген соңғы үлгідегі генеративті ЖИ қолданбасын Android үшін де, iOC (iPhone) үшін де тегін таратуда.
Ең ақылды ChatGPT-4 қызметін тегін қолдануға болады
Фото noticiasetecnologia.com сайтынан алынды
2,964
оқылды

Microsoft Copilot деп аталатын жаңа жасанды интеллектуалды көмекші енді тегін болды. Мұндай жағымды жаңалықты bgr.com сайты жаңа жылдың бірінші күні жариялады. Осы мақалаға сілтеме жасай отырып, Aikyn.kz жаңа жүйенің пайдалы функцияларын түсіндіреді. 

Фото zdnet.fr сайтынан алынды

Өзінің соңғы буындағы ChatGPT-4 чат-ботын OpenAI әлі де тегін ұсынбайды. Ал осы компанияға 10 млрд доллар инвестиция салған (бұл шамамен Қазақ экономикасына бір жылда құйылатын инвестицияның жартысына тең) Microsoft корпорациясы 2023 жылдың соңғы күндері Android және iOC (iPhone) үшін генеративті ЖИ-дің жаңа Microsoft Copilot қолданбасын шығарды.

Microsoft Copilot – жаңартылған Bing чаты. Bing Chat-тың ескі нұсқасы бұрын да iPhone құрылғысында жеке қолданба ретінде қолжетімді болып келді. Бірақ жаңа Microsoft Copilot бағдарламасы одан едәуір жетілген ден саналады. Оны App Store дүкенінен тегін жүктеп алуға болады. 

Иә, Microsoft корпорациясының Copilot қолданбасы GPT-4-ті тегін ұсынады, ал OpenAI болса оған $20 ай сайынғы ChatGPT Plus жазылымы арқылы рұқсат береді. Бірақ Microsoft Copilot қолданбасын тегін қолдану үшін деректеріңізбен бөлісуге тура келеді (аты-жөні мен электронды пошта). Microsoft Copilot қолданбасын iPhone және iPad құрылғыларында орнатқаннан кейін мынандай 3 нәрсеге назар аудару қажет. 

Иллюстрация uctoday.com сайтынан алынды

Бірінші, сіздің тұрған орныңызды анықтау функциясын өшірген пайдалы. Microsoft Copilot жинайтын деректер арасында қолданушының тұрған орны туралы ақпарат бар. Microsoft сізден осы деректерді бөлісуге рұқсат сұрауы керек. Егер ондай ақпаратпен бөліскіңіз келмесе «Ешқашан» деген белгіні таңдаңыз. Бұл жаңалықтар мен ауа райы сияқты жекелендірілген контентті қабылдағым келмейтінін білдіреді.

Егер сізге ондай деректер қажет болса, онда Microsoft корпорациясымен орналасқан жеріңіз туралы ақпаратты бөлісе аласыз. Параметрлер қолданбасында кез келген уақытта өзгертуге болады.

Фото hubspot.com сайтынан алынды

Екінші, Copilot-тың сіздің интернеттегі іс-әрекеттеріңізді қадағалауын тоқтатыңыз. Орналасқан жеріңізді пайдалануға рұқсат сұраудан басқа, Copilot қолданбаны бірінші рет іске қосқан кезде сізді қолданбалар мен қызметтерде бақылауға рұқсат сұрайды.

Көпшілік пайдаланушылар жасанды интеллект көмекшісіне бұлай істеуге рұқсат бермейді. Жалпы, Microsoft үшін ғана емес, басқа да қолданбаларға қадағалауға рұқсат бермеген оңды. Бұл функцияны да қалауыңызша өзгертуге болады.

Microsoft-тың мұндай қадағалау орнату себебі қарапайым. Корпорация Copilot-ты қандай да бір жолмен монетизациялауы (өз қызметтерін ақшаға айналдыру) керек. Есіңізде болсын, интернетте ештеңе тегін емес, сондықтан ЖИ-ді тегін пайдалану үшін осындай деректермен бөлісуге тура келеді. Ал олар сіздің деректеріңізді жарнама берушілерге, маркетингтік компанияларға сатады. Бәрі қарапайым әрі түсінікті.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Maskot

Үшінші, GPT-4 қосу керек. Бұл үшін жоғарыда айтылған екі рұқсат сұрауларын iPhone немесе iPad құрылғыларында орындағаннан кейін Copilot қолданбасында қызықты параметрді байқайсыз.

Microsoft корпорациясы «GPT-4 пайдалану» опциясын ұсынады. Әрине, бұл жерде «Иә» деп келісім беруге болады. ChatGPT өнімділігін жақсарту үшін осы мүмкіндікті қосыңыз, бұл сонымен қатар ChatGPT қызметін интернетте тегін жасайды.

Microsoft Copilot суреттері бар сұрақтар қоюға мүмкіндік береді. Бұл сізге жазбаша немесе ЖИ жасаған кескіндер түрінде контент жасауға мүмкіндік береді. 

Фото itequia.com сайтынан алынды

ChatGPT-4 чат-ботының керемет функцияларын қолдану үшін Microsoft-қа тіркелген пайдалы. Бірақ Microsoft сіздің Microsoft тіркеу жазбасына кіруді талап етпейді. Дегенмен бұл жетілдірілген чат-боттың жұмысын жақсартып, оның мүмкіндіктерін толық қолдану үшін қажет. 

Copilot сонымен қатар интернетте ChatGPT сияқты қолжетімді. Оны қолдана бастау үшін Edge және Chrome браузерлеріне кіру керек. Егер сіздің Microsoft-та тіркеу жазбаңыз болса, онда Copilot-қа мына сілтеме арқылы кіруге болады: https://copilot.microsoft.com/

Microsoft Copilot-тың мүмкіндіктерін мына видеолардан көруге болады: