Тағы бір ірі америкалық компанияға қатысты шу шықты. Дәмді кофе жасайтын Starbucks желісі тұтынушыларды алдап келген деген айыптар айтылуда.
Starbucks кофесі қиындыққа тап болды
Фото pikabu.ru сайтынан алынды. Авторы: @KristinaKaspi аккаунты
1,942
оқылды

Вашингтонның әкімшілік кеңсесіне түскен шағымда Starbucks мобильді қосымшасы пайдаланушыларды көбірек ақша жұмсау үшін «қараңғы үлгілерді» пайдалануда делінген. Gizmodo.com технологиялық жаңалықтар сайтында жарияланған мақалаға сілтеме жасаған Aikyn.kz танымал кофе жасаушы брендінің қиындықтарын түсіндіреді.

Фото rbc.ru сайынан алынды. Авторлығы: ЕРА

Тұтынушыларды қорғау тобының айтуынша, Starbucks-тың мобильді қосымшасы пайдаланушыларды кофе сатып алудың шырғалаң цикліне итермелеген. Олар осы мәселе бойынша желтоқсанда Вашингтонның бас прокурорына шағымданған.

Әлемге танымал кофе желісінің мобильді қосымшасы Starbucks картаңыздағы шағын қаражатты пайдалануды мүмкін етпеу үшін «қараңғы үлгілерді» пайдаланады. Соның салдарынан тұтынушыға кофе картасына қосымша $10 қосуға немесе сол ақшаны мүлдем жоғалтуға мәжбүрлейді.

«Starbucks төлем платформасы тұтынушыларды компанияның қызметтері үшін алдын ала төлеуге мәжбүрлейтін әділетсіз және алдамшы цифрлық күмәнді үлгілерді қолданады», – дейді Вашингтон тұтынушылардың құқықтарын қорғау коалициясы 19 желтоқсандағы хатында. «Бас прокурор Starbucks-тың әділетсіз және алдамшы әрекеттерін тоқтатуы және Вашингтон тұтынушыларына олардың келтірген зиянын өтеу үшін дереу шара қолдануы керек».

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Victor J. Blue / Bloomberg

Starbucks қолданбасы 2021 жылы 31 миллионнан астам пайдаланушының төлемдерін өңдеген; бұл Google Pay-дан 6 миллион пайдаланушыға көп.

Кофеханалар тізбегі пайдаланушыларды Starbucks карталарын үлкен бөліктермен жүктеуге үгіттейді, содан кейін картада жиналған аз балансты пайдаланғызбау үшін арнайы әрекеттер жасайды деп айыптауда.

Шағымға сәйкес тұтынушылар өткен жылы Starbucks карталарына шамамен 15 миллиард доллар аударған және компания менеджерлері бұл цифрлық төлемдер компания табысының кілті деп санайды. Енді Вашингтонның бас прокурорынан мұндай маркетингтік тәжірибелердің тұтынушыларды алдау тәсілі екенін тексеру сұралады.

Бұл Starbucks: 

Starbucks тұтынушыларды Starbucks картасын бір уақытта 25 доллармен толтыруды ұсынады. Ал Нью-Йорктегі желіде ең арзан сусындар шамамен $3 тұрады.

Егер тұтынушы балансында 3 доллардан аз болса немесе ең арзан сусын одан қымбат  болса, картадағы қаражатыңыз бұғатталып, оны қолдануға рұқсат етілмейді. Starbucks қолданбасы бұл қаражатты басқа төлем әдістерімен біріктіруге рұқсат етпейді. Тұтынушыға бір ғана таңдау қалады – картаны толықтыру.

Starbucks өкілі тұтынушылар кез келген кофеханаға кіріп баристадан сатып алу кезінде картадағы ақшаны басқа төлем әдісімен біріктіре алатынын айтты. Мұны неліктен мобильді қосымшада жасауға болмайтынына компания өкілі түсініктеме бермеген.

Фото pinterest.pt сайтынан алынды

Starbucks мәлімдемесінде: «Starbucks барлық штат заңдары мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін Вашингтон штатымен жұмыс істеуге дайын», – делінген.

Тұтынушылардың құқығын қорғаушылар бұл шараларды «қараңғы үлгілер» деп сипаттайды: бағдарламалық қамтамасыз ету тұтынушыны қосымша ақша жұмсауға итермелейді. Вашингтондағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау коалициясы мұны «қоғамның көп бөлігін алдай алатын» тәсіл деп санап, оны заңсыз деп бағалайды.

Фото flickr.com сайтынан алынды. Авторы: Elvert Barnes 

Қысқаша анықтама

Starbucks Coffee Company компаниясын 1971 жылы Сиэтлде (Вашингтон штаты) кофе мен шайды жақсы көретін үш кәсіпкер құрған. Олар Сиэтл қаласының Starbucks дүкендер желісі арқылы сапалы кофеге қол жеткізуді мақсат еткен.

Starbucks кофеханалар желісі баяу өскен және 1981 жылға қарай оның 4 жеке сауда дүкені және кофе қуыру цехы болды. 1983 жылға қарай компанияның маркетинг жөніндегі менеджері, кейінірек иесі Ховард Шульц италиялық дәмхананың сиқыры мен романтикасын қайта құруды ойлайды.

Ол ішуге дайын эспрессоны тостағанмен сату тұжырымдамасын сынап көргісі келеді. Starbucks Coffee өзінің алтыншы дәмханасын Сиэтл қаласының орталығында ашқанда, бұл идея хит болады. 2 ай ішінде жаңа мекеме күніне 700-ден астам қонаққа қызмет көрсетіп, бүкіл дүкендер желісінен 3 есе көп кофе сатады.

Қазірде әлемге танымал Starbucks желісі 75 елдегі 32 мыңнан астам бөлшек сауда нүктелерін біріктірді, оның 8 мыңы АҚШ-та жұмыс істейді.