2012-2022 жылдар аралығында "Дана" ЖК коммерциялық үй-жайы (дүкен үшін) тұрақты түрде жалға берілген. Бірақ ай сайынғы жалдау ақысы университеттің бұрынғы қызметкеріне қолма-қол ақшамен және мобильді аударымдармен беріліп отырған, алайда ол қаражаттар университеттің есепшотына түспегені белгілі болған.
Алматыдағы Ұлттық аграрлық университеттің бұрынғы қызметкері оқу орнының қаражатын жымқырып келген
3,308
оқылды

Алматыдағы «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетіне» тиесілі үй-жайлардағы дүкен үшін тұрақты түрде жалға берілген орынның жалдау ақысы университеттің бұрынғы қызметкеріне қолма-қол ақшамен немесе мобильді аударымдар ретінде аударылып келген. Бұл туралы университеттің қазіргі басшысы Ақылбек Күрішбаев өзінің  және университеттің Facebook парақшасында жариялады. 

"Университетте 2020 жыл ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру аясында бюджет қаражатын жымқыру фактілері болған. 2020 жылы университет пен  Ai-Tall  ЖШС арасында (5,8 млн теңге сомасына «амиак селитрасын» сатып алу бойынша), "КемалханСтройЭлит" ЖШС-мен (15,8 млн теңге сомасына "аммофос" сатып алу және жеткізу бойынша) және "ҚазТрайдСнаб" ЖШС-мен (22 млн теңге сомасына «қант жүгерісі» тұқымын сатып алу және жеткізу бойынша) келісімшарт жасалған.

Жоғарыда көрсетілген шарттар бойынша оқу орнына тиесілі алқаптарға тұқым себу және себу орындарын өңдеуді растау актісін жалған жасау фактілері анықталды. 

"ДарМирАудит" ЖШС жүргізген қорытындыға сәйкес, университет мемлекетке 43,8 млн теңге көлемінде залал келтірген. 

Сонымен қатар  университетте табыс табу мақсатында жеке кәсіпкерлерге жалға берілетін бірқатар тұрғын емес коммерциялық үй-жай (дүкендер, асханалар және т.б.) бар.

Мәселен, 2012-2022 жылдар аралығында "Дана" ЖК коммерциялық үй-жайы (дүкен үшін) тұрақты түрде жалға берілген. Бірақ ай сайынғы жалдау ақысы университеттің бұрынғы қызметкеріне қолма-қол ақшамен және мобильді аударымдармен беріліп отырған, алайда ол қаражаттар университеттің есепшотына түспегені белгілі болған.

Бұл фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің  190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы және ҚР Қылмыстық кодексінің  189-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасау фактісі бойынша СДТБР-да тіркелген.

Университеттің жаңа басшылығы 2023 жылдан бастап заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде ЖОО жатақханалары мен оқу аудиторияларын қайтару бойынша барлық қажетті шараны қабылдады, бұл туралы тиісті ақпарат БАҚ-тарда бірнеше рет жарияланып келеді. 

Алматыдағы  «ҚазҰАЗУ» басшылығы университет қызметін ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес қалпына келтіру бойынша барлық шараларды одан әрі жалғастыра беретінін жеткізді", делінген жазбада.