Боран соғып, жолда жүру мүмкін болмай тұр.
Екі облыста жолдар тағы да жабылды
Фото: yk-news.kz
1,459
оқылды

Сондықтан ауа райының қолайсыздығына байланысты  2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Aikyn.kz «Қазавтожолға» сілтеме жасап хабарлайды. 

Боранға байланысты Ақмола облысында – 1 учаске

«Щучинск-Зеренді»  0-77 км, Щучинск қ. – Зеренді ауданы аралығына – 77 км.

Сондай-ақ Жетісу облысында – 1 учаске

«Үшарал – Достық» 84-184 км, Көктұма стансасынан Достық стансасына дейін – 100 км.;

Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.

Кейінгі тәулікте республикалық маңызы бар күре жолдардағы қауіпсіздікті сақтауға 302 бірлік техника және 441 адам жұмылдырылды.

Бұған дейін 5 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатынбыз.