Талапқа бағынбағандарға 11 мың теңге айыппұл салынады.
Полиция газбен жүретін көліктердің иесіне ескерту жасады
Фото: koleso.kz
1,308
оқылды

Қазақстанда полиция газбен жүретін көліктердің иесіне ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

1 қаңтардан бастап СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары» ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді.

Енді газ баллонымен жабдықталған автомобильдердің жүргізушілері GAS деген жазуы бар белгіні көлігіне жапсыруға міндетті. Бұл шара қауіпсіздік үшін енгізілді.

Жабық паркингте мұндай көліктерді қоюға болмайды.

Түркістан облысының полициясы жүргізушілерді тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осылайша, олар облыс орталығында көліктерді тоқтатып, газ баллон жабдығы бар көлік иелеріне арнайы белгіні орнату маңызды екенін айтты.

Талапқа бағынбағандарға 11 мың теңге айыппұл салынады.