Климаттың өзгеруінен полюстердегі мұздықтар жылдам ери бастады. Еріген су әлемдік мұхиттың деңгейін көтереді. Мұхит жағалауында орналасқан мемлекеттер үшін бұл қауіпті дейді ғалымдар.
АҚШ жағалауы суға батып барады
Фото vsegda-pomnim.com сайтынан алынды
2,161
оқылды

Планетада қалыптасқан тепе-теңдік адамның іс-әрекеттерінен бұзыла бастады. Баяу еріген мұздықтар, теңіз деңгейін көтерілуінің салдары bgr.com сайтында жарияланған мақалада айтылады. Мұхит деңгейінің көтерілуінен адамның өмірі қалай өзгеретінін осы мақалаға сүйене отырып Aikyn.kz талдайды.

Фото belnovosti.by сайтынан алынды

Ғасырлар бойы полюстерде жиналған мұздықтар температураның көтерілуінен кертіліп, бөлініп еріп жатыр. 1500 шаршы километрлік ауданы бар алып айсбергтер жылдам ери бастаса не болатынын модельдейтін көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Қауіптің алдын алу үшін ғалымдар климаттың өзгеруін толығымен кері қайтару жолдарын іздеуде.

50-100 жылдан кейін қай жерде өмір сүру қауіпсіз болады, жаһандық жылынудың қатерлері қандай деген сұрақтарға мына видео жауап береді: Жақында ғана нәтижесі жарияланған зерттеуде АҚШ-тың Атлант мұхиты жағалауының суға батып бара жатқаны айтылады. Бұл АҚШ-тың жағалауға жақын орналасқан басқа да атаулы қалаларына қатысты алаңдаушылық туғызуда.

Бұл жаңа зерттеу PNAS Nexus ғылыми журналында 2 қаңтарда жарияланған. Зерттеуде Балтимор, Нью-Йорк және Норфолк сияқты қалалардың суға бату жылдамдығы мұқият есептеліп, бұл қалалардың әрқайсысы жылына екі миллиметр жылдамдықпен батып бара жатқаны дәлелденген. 

Фото vm.ru сайтынан алынды. Авторлығы: Shutterstock

Суға батып бара жатқан аумақтың алаңы 74000 шаршы шақырым, онда тұратын халық саны 14 миллион екен.

Егер белгісіз себептермен суға бату қарқыны жылдамдайтын болса, АҚШ жағалауларында апатты оқиғалар болуы мүмкін. Басқа бір зерттеуде жағалаулардың суға бату жылдамдығы жылына 5 миллиметрге дейін жеткенін көрсеткен.

Фото news.obozrevatel.com сайтынан алынды 

Қазірше бұл көрсеткіштер ғалымдардың алаңдаушылығын туғызбаса да, белгісіз себептермен мұздықтардың еруі жылдамдайтын болса жағдай бірден өзгеруі мүмкін. Кейбіреулер тіпті теңіз деңгейінің 170 сантиметрге (6 фут) дейін көтерілуі мүмкін екенін айтуда, бұл жылдар бойы баяу батып бара жатқан аймақтар үшін апаттың алыс емес екенін байқатады.

Фото rbc.ru сайтынан алынды. Авторлығы: Shutterstock

Осындай қауіптерге байланысты зерттеуге қатысқан зерттеушілер Нью-Йорк, Лонг-Айленд, Балтимор, Норфолк  және Вирджиния-Бич сияқты қалалардың инфрақұрылымын сақтау үшін су тасқынының салдарын азайтудың дұрыс жолдарын табу керек дейді. Ғалымдар бұл зерттеу нәтижелерінің мемлекеттің инфрақұрылымының тұрақтылығына қауіпті әсері бар екенін ескертуде. 

Қала шенеуніктері бұл ескертулерге құлақ аса ма, әлде суға батып бара жатқан қалалардың жағдайы нашарлай бере ме, белгісіз. Алайда бұл проблемалар шешілмесе, Нью-Йорк, Балтимор және басқа да әйгілі қала тұрғындарын үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын болжауға болады.