Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» деген тақырыпта «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берді.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстанныӊ әлеуеті зор
2,251
оқылды

Сұхбатта: «Биыл еліміз Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына (қысқаша атауы) АҚИҰ төрағалық ететінін айтып өтті. АҚИҰ жарғысына сәйкес Қазақстан АҚИҰ-ның тұрақты мүшесі болып саналады. Оның штаб-пәтері Астана қаласында орналасқан.  Енді осы АҚИҰ қандай ұйым және оның қандай міндеттемелері бар, соған қысқаша тоқталып өтсек. Біріншіден, бұл халықаралық ұйым, мүше мемлекеттерге ауыл шаруашылығын, ауылдық жерлерді, азық-түлік қауіпсіздігін және биотехнологияларды дамытудыӊ түрлі аспектілері бойынша тәжірибе мен техникалық коммерциялық құндылығы бар инновацияларды ұсынады.

Екіншіден, бұл ұйым өзара еліміздегі проблемаларды шешу үшін өңірлік және жаһандық шешімдерді шоғырландыруға тырысады. Біз үшін бұл ұйымның ұтымдылығы өз тарапымыздан ауыл шаруашылығы саласындағы түрлі экономикалық теңсіздік сияқты мәселелерді қозғауымызға, оның шешу тетіктерін бірге іздестіруімізге платформалық мүмкіншілігі туады. Бұл өз кезегінде, тиімді стратегиялық бағдарламалар мен жобалар негізіндегі ұлттық, өңірлік, халықаралық іс-әрекеттерге сүйеніп тәжірибе алмасу өте маӊызды. Алайда, еӊ басты мәселе, талқыланған мәселелердің жер-жерлерде шынайы трансформациялануы. 

Президент 2021 жылы Астана қаласында өткен АҚИҰ-ның Бас ассамблея қатысушыларына арнаған құттықтау хатында қатысушы елдерді «Астық қорының Азық-түлік қауіпсіздігі» резервтерін құру бастамасын қолдауға шақырған еді. Ол өз сөзінде: «Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымының белсенді және жауапты мүшесі болып табылады. Сондай-ақ шетелге 7 миллион тоннаға дейін бидай жеткізе отырып, азық-түлік бидайы мен ұнды 10 ірі экспорттаушы елдердің қатарына кіреді. Жыл сайын Қазақстан АҚИҰ-ға қатысушы мұқтаж елдерге бидай және ұн түрінде өтеусіз гуманитарлық көмек көрсетеді. Біздің тәжірибеміз үнемі өсіп келе жатқан ислам әлеміндегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуде пайдалы болатынына сенімдімін», – деген еді.

Биыл Қазақстан өзінің төрағалық шеңберінде осы уақытқа дейін ұсынылған азық-түлік қауіпсіздігі бойынша тетік құру, ИЫҰ (Ислам ынтымақтасты ұйымы) мүшелері арасында агроиндустриялық тетік құру бойынша қарарларын және қабылданған стратегиялық бағдарламаларын нығайтады деп күтілуде. Әрине, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстанныӊ әлеуеті зор. Мұны жан-жақты ескерген жөн. Сарапшылардың пікірінше, соӊғы жылдары еліміз ұн және астық экспорты бойынша алғашқы орындарды иеленіп келеді.

Бізде еӊбек өнімділігін және ауыл шаруашылығы өндіру көлемін арттыру қоры да жеткілікті. Сондай-ақ, елімізде шамамен 24 миллион га егістік және 180 млн га жайылымдық жер бар. Алдағы қабылданатын құжатқа сәйкес азық-түлік дағдарысына ден қою, әлеуетті арттыру, индустрияны дамыту және стратегиялық бағдарламаларды іске асыру есебінен ресурстарды жұмылдыру сияқты бес негізгі бағытты одан әрі дамыту және күшейту жоспарлануда.

Бұл ұйым ислам елдері халқын табиғи-климаттық жағдайлар мен географиялық орналасуын ескеріп, ИЫҰ мүше елдердіӊ азық-түлікті жеткізу шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін тиімді көлік-логистикалық бағдарларын құру, бірлескен азық-түлік қорларын құру және оны басқару арқылы азық-түлік бағасын тұрақтандырып, экономикалық қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету міндеттерін шешетін болады. 

Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) – 56 мемлекет мүше. Географиялық ауқымы мен мамандандырылған құрылымдар желісі жағынан Біріккен ұлттар ұйымынан кейінгі орында туратын ірі халықаралық ұйым. Қазақстан Республикасы 1995 жылы ИЫҰ-ның толыққанды мүшесіне айналған. Өз кезегінде, бұл бізге еліміздің  ИЫҰ-на мүше мемлекеттермен әріптестік байланыс орнатуға, ислам кеңістігіндегі саяси және экономикалық процестерге белсенді қатысуына септігін тигізіп келеді.

Сондай-ақ, АҚИҰ ұйымына қосылу мұсылман елдерімен тығыз әріптестік қатынастардың дамуына серпін береді, азық-түлік қауыпсыздігін және экономикалық институттарымен ынтымақтастығын жандандыра түседі.

Темур АМАНҚҰЛ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, Ph.D докторы