Жетісу облысында 14 жастағы қыз жоғалды.
Жетісуда 14 жастағы қыздың жоғалуы: анасы мен өгей әкесі күдікті ретінде ұсталды
3,596
оқылды

14 жастағы қыздың жоғалу дерегіне байланысты күдікті деп танылған, қыздың туған анасы мен TikTok-та шағымданған өгей әкесі ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы Aikyn.kz Жетісу облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Күдіктілерге қатысты заңсыз тергеу әдістері расталған жоқ.

Алғашқы күннен бастап адвокаттарға тергеу амалдарына қатысуға мүмкіндік берілген.

Тергеу барысын Ішкі істер министрлігі ерекше бақылауға алды.