Солтүстік Атлант мұхитының түбінде динозаврларды жойып жіберген астероидтың соғылуынан пайда болған кратер табылды. Ені 400 метрлік астероид Жермен соқтығысқанда биіктігі 900 метрлік цунами пайда болған. Мұндай цунами үлкен құрлықты шайып жіберуге қауқарлы.
Динозаврларды жойып жіберген астероидтың ізі табылды
Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Stocktrek Images
1,672
оқылды

Шамамен 66 млн жыл бұрын Жермен соқтығысқан астероидты ғалымдар кездейсоқ тауып алған. Бұл туралы Science Advances журналында жарияланған ғылыми мақалаға сүйенген Aikyn.kz алып астероидтың соқтығысуының салдарын түсіндіреді.

Фото gazeta.ru сайтынан алынды. Авторлығы: Depositphotos

Үлкен астероидтардың немесе кометалардың Жермен жоғары жылдамдықпен соқтығысуы өте қауіпті саналады және олар әлі де аз зерттелген. 1908 жылғы Тунгус оқиғасына ұқсас диаметрі шамамен 50 м болатын аспан денелері 900 жыл сайын соғылып жатса, аймақтық немесе жаһандық салдары зор 1 км-ден асатын объектілердің Жермен соғылу ықтималдығы 1 миллион жылда 1 рет қана екен.

Жақында геолог ғалымдар сейсмикалық өлшеулерді қолдана отырып, Солтүстік Атлант мұхитының түбінде үлкен астероидтың соқтығысуынан пайда болған кратерді тапты. Олардың айтуынша, бұл кратер шамамен 66 миллион жыл бұрын астероидтың Жермен соғылуынан пайда болған. Яғни, Мексикадағы қазіргі Юкатан жағалауында Чиксулуб (Chicxulub) астероиды Жермен соқтығысып, динозаврларды жойған кезеңде қалыптасқан.

Диаметрі 10 км болатын астероидтың соқтығысуынан пайда болған Чиксулуб кратері. Фото YouTube платформасындағы Парадокс каналынан алынды

Кратердің диаметрі шамамен 8 шақырымды құрайды. Ғалымдар оны Надир кратері деп атады. Батыс Африка жағалауындағы Гвинеядан 400 шақырымдай жерде 400 метр теңіз түбінде жатыр.

Жермен соқтығысқан кратерлердің қаупі туралы мына видеодан көруге болады:

Геологтардың пайымдауынша, жаңадан табылған Надир кратері үлкен бір астероидтан немесе астероидтар тобындағы бір астероидтың соқтығысуы нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Болжамдар расталса, жаңадан табылған кратер Жердегі 20 шақты теңіз кратерінің бірі болады.

Ғалымдар соқтығысқан сәтті қалпына келтіріп оның салдарын бағалау үшін компьютерлік модельдеуді қолданды. Модельдеу бойынша ені 400 метрлік астероид 490-800 метр тереңдіктегі су айдынымен соқтығысқанда қандай үлкен кратер пайда болғанын көрсетеді. Соқтығысу нәтижесінде мұхитта биіктігі 900 метрден асатын цунами көтеріліп, 6,5 балл жер сілкінісі болуы мүмкін еді.

Фото Science Advances журналынан алынды

Кратер Чиксулуб (Chicxulub) астероидының құлауынан туындаған ойықтан әлдеқайда кіші болғанымен, Надир жергілікті жердің жойылуына айтарлықтай үлес қосқан болуы мүмкін. Бұл зерттеудің қорытындылары ғалымдарға астероидтар туралы көбірек мағлұмат береді.

Надир кратерін геологтар Африка мен Америка құрлықтарының бір-бірінен алшақтауымен байланысты геологиялық процесі мен теңіз түбінің сейсмикалық шағылысу деректерін анықтауға арналған зерттеу кезінде кездейсоқ ашқан.

Ғалымдар жалпақ шөгінді қабаттармен бірге теңіз түбінің астында өте ерекше сипаттамалары бар 8,5 шақырымдық ойпат тапқан. Оның ерекше белгілері ойпаттың метеориттің соқтығысуынан пайда болған кратер екенін көрсетеді. Көтерілген жиегі және үлкен соққы кратерлеріне тән орталығында биік шөгінділері бар.