Көптен бері ел алдына шықпай, өнерден алыстап кеткен әнші Индира Расылхан сахнаға қайта оралды.
Адамдарға ақыл айтып, кеңес беріп жүрген Индира Расылхан сахнаға оралды
1,972
оқылды

Өнер иесі  Сover Show  бағдарламасында өз өнерін паш етті, деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Индира Расылхан бұған дейін өнермен қош айтысқанын жазып, өзін басқа бағытта дамытқысы келетінін мәлімдеген.

Әнші қазіргі таңда "Алламен байланысты нығайту" бойынша консультация беріп, желіде ақыл-кеңестерін айтатын болған. Біраз уақыттан бері өнер саласынан алыстап кеткен әртіс отандық сахнаға оралып, өз тыңдармандарын бір қуантты.

"Менің ән айтуымды қалаған жандардың қуанышында шек жоқ. Рақмет баршаларыңызға. Осы тамаша әнді Cover нұсқада орындауға мүмкіндік берген арнаға және Мейрамбек Бесбаев досыма алғысымды айтамын. Сіздерге ұнады ма", деп жазды әнші Instagram парақшасында.