Сондай-ақ өңірде түрлі індеттің жаппай таралу қаупі артқан.
Газа секторы адамдардың өмір сүруіне жарамсыз аймаққа айналды – БҰҰ
Фото: Reuters
1,395
оқылды

Газа секторы әскери қақтығыс салдарынан 3 ай ішінде адамдардың өмір сүруіне жарамсыз аймаққа айналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары мәлімдеді. Ұйымның мәліметінше, аймақта қарулы қақтығыстан бөлек, түрлі індеттің жаппай таралу қаупі күшейген.

Ал ЮНИСЕФ өкілдері Газада азық-түлік тапшылығынан ашаршылық күшейіп, балалар қатты зардап шегіп жатқанын айтып, дабыл қағуда.

Бүгінде Газа аумағында медициналық жағдай да нашар. Аймақтағы 36 аурухананың тоғызы ғана жұмыс істеп тұр. Оның өзінде олардың барлығы өңірдің оңтүстігінде орналасқан.