Қазір опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Павлодар облысында кен орнына құлап кеткен автобус табылды
5,525
оқылды

Павлодар облысында Майқайың кенішіне құлап кеткен автобус жер астындағы метал геосканер арқылы табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз ққызметінің мәліметінше жер астындағы металл затты түбінен бес метр тереңдікте геосканер байқаған. Аумақты «Алтыналмас АК» АҚ мамандары тексерді. Бригаданы «Богатырь Көмір» компаниясының автокраны төмен түсірді. Құтқарушылардың болжамы бойынша, табылған метал тереңдікке құлаған автобус болуы мүмкін.

Сканерлеу сағат 15.30-да аяқталды.

Қазір «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

«АК Алтыналмас» АҚ – Балқаш қаласының мамандары мен ТЖД құтқарушылары кран орнатып, бос орындарды, металды немесе басқа да ауытқуларды анықтау үшін жергілікті жерді геосканерлеу жүргізді.

«Сканерлеу сағат 15.30-да аяқталды. Қазір нәтижелер өңделуде, шамамен автобустың жатқан жері анықталды. Оның жоғарғы бөлігіне дейінгі тереңдік шамамен 5-7 метрге жетеді», – деп жазды облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram парақшасында.

Қазір мамандар автобусқа дейін жетуі тиіс шағын экскаваторды шұңқырға түсіру және құтқарушылардың әрі қарайғы іс-қимылдарын пысықтауда.

Жоғалған адамдарды іздестіру тәулік бойы, бір минутқа да тоқтамай жүргізілуде. Іздестіру жұмыстарына барлығы 136 адам, 41 техника, 3 кинологиялық есеп және екі дрон жұмылдырылды.