Талдықорғанда волейболдан жасөспірім қыздар арасында басталған қысқы чемпионатқа 19 команда қатысып жатыр. Ең бірінші болып, жарыс алаңына Маңғыстау және Алматы өңірінің командалары шықты. Нәтижесінде, ақтаулық спортшылар ірі есеппен жеңіске жетіп, ел біріншілігін қорытындылады.
Волейболдан қысқы чемпионат басталды
1,601
оқылды

Күзгі чемпионаттың қорытын­ды­сы бойынша Шығыс Қазақстан облысының құрамасы бірінші орынды ұтып алса, Батыс Қазақстан облысы екінші, Солтүстік Қазақстан облысының ойыншылары үшінші орынға ие болған еді. Талдықорғанға Батыс Қазақстан облысының өкіл­дері келе алмады. Ал үздік үштікке енген екі команда жарысты сәтті бас­тады. Жарыстың бас төрешісі Әсел Ғұбашева үздік сегіздікке ен­ген әр команданың чемпионат атануға мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

«Ең басты фаворит – осы клубтар. Былтыр волейболдан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер ара­сында Азия чемпионаты ең алғаш рет ұйымдастырылғаны естеріңізде болар. Енді 17 жасқа дейінгі волей­болшылар арасында әлем чемпиона­ты өтеді. Талдықорғанда өтіп жатқан ел біріншілігі сол байрақты бәсеке­лерде ұлттық құрама сапында өнер көрсететін қыздарымызды іріктеп алуы үшін аса қажет. Сондықтан бү­­гінгі жарыс арқылы ұлттық құра­ма командамыздың іргетасы қала­нып жатыр деп айтуға да болады», – деді ол.