Бұл туралы Елисей сарайы ресми түрде мәлімдеді.
Францияның премьер-министрі отставкаға кетті
1,343
оқылды

Элизабет Борн Францияның премьер-министрі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz Euronews-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Елисей сарайы ресми түрде мәлімдеді. Франция президенті Эммануэль Макрон отставканы қабылдап, Борнға атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Макрон Элизабет Борнның «өз ісіне адалдығы мен табандылығын» ерекше атап өтті. 

Елисей сарайы Борн жаңа үкімет тағайындалғанға дейін өз міндетін атқара беретінін мәлімдеді. 

Элизабет Борн Францияның министрлер кабинетін 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарып келді.