Көлік жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылып, көлігі айып тұрағына қойылды.
Отшашуды көліктің жүк салғышына қойып атқан жастар жауапқа тартылды
1,450
оқылды

Түркістан облысы Ордабасы ауданында жол ережесін өрескел бұзып, отшашуды көліктің жүк салғышына қойып атқан жастар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Aikyn.kz

Әлеуметтік желіде Lada-21705 көлігінің көше бойында «дрифт» жасап, жол ережесін өрескел бұзғаны таспаланған видео тарады. Сондай-ақ олар көліктің жүк салғышының үстіне салют қойып атқан. Жол ережесін сақтамай, өзге көліктерге кедергі келтіріп, авариялық жағдай туғызған.

Мониторинг жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары оқиғаның Ордабасы ауданында болғанын анықтады. Көлік жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылып, көлігі айып тұрағына қойылды. 

«Lada-21705 көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі, 590-бабы 2-бөлігі, 606-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Жүргізуші кінәсін толық мойындап, алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді», делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.