Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
7 облыста республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: El.kz
1,054
оқылды

Қазақстанның 7 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАвтоЖол»-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысында – 1 учаске.

«Екатеринбург-Алматы» 1 292-1 353 шақырым, Жібек жолы ААП-гр.Қарағанды обл. шек. – 61 шақырым.

Ақтөбе облысында – 1 учаске.

«Самара-Шымкент» 1 153-1 240 шақырым, Ырғыз а.-Қызылорда обл. шек. – 87 шақырым.

Жетісу облысында – 1 учаске.

«Үшарал-Достық» 84-184 шақырым, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 шақырым.

Қарағанды облысында – 3 учаске.

1.«Екатеринбург-Алматы, Солтүстік Шығыс айналма жолы» 0-16 шақырым, Пришахтинск а.- Новостройка а. – 16 шақырым.

2.«Екатеринбург - Алматы» – 1 353-1 426 шақырым, Ақмола обл. шек.-Теміртау ААП – 73 шақырым.

3.«Екатеринбург - Алматы» 1426-1446 шақырым, Теміртау ААП – Теміртау қ. – 20 шақырым.

Қостанай облысында – 1 учаске.

1.«Жезқазған-Петропавловск» – 253-335 шақырым, Ұлытау обл. шек. – Арқалық қ. – 82 шақырым.

Қызылорда облысында – 1 учаске.

«Самара-Шымкент» – 1 240-1 657 шақырым, Ақтөбе обл. шек.- Жосалы а. – 417 шақырым.

Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске

1.«Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское»  – 65-194 шақырым, Возвышенка а.-Қиялы а. – 129 шақырым.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 706 бірлік техника және 1 355 жолшы жұмылдырылды.