Сотталушының орнында 11 адам бірдей отырған сот процесі басталған.
Щучинсктегі студент өлімі: елді елең еткізген қылмыс бойынша тың дерек шықты
1,610
оқылды

Бурабайда теміржол бойында өлтірілген студенттің Роман Бодаговтың өлімі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Сотталушының орнында 11 адам бірдей отырған сот процесі басталған. Оның ішінде біреуі кәмелет жасына да толмағаны белгілі болды,  деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Өткен жылдың күзінде Щучинск қаласында теміржол бойында 19 жастағы 4-курс студентінің өлі денесі табылып, қылмыс қоғамда үлкен резонанс тудырған. Бүгін ел ішін елеңдеткен студент  өлімі туралы қылмыстық іс сотқа жолданғаны туралы белгілі болды. 

Аталған қылмыстық іс бойынша 105-бап ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу")  бойынша сотқа жолданды. Бопсалау бабымен алты адамдық екі топ құрықталды. Әуре-сарсаң қылып, қағазбастылық қылғаны үшін бірқатар қызметкер  атқарған лауазымынан босатылуға дейін тәртіптік жазаға тартылды. ІІМ аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізді,  дейді Ақмола облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Бахтияр Өтекин. 

Естеріңізге сала кетсек, «Бурабай курорты-Жамантұз» стансасы арасындағы теміржолда студент Роман Бодаговтың өлі денесі өткен жылдың 6 қазанында табылған. Жігіттің бопсалаудың құрбаны болуы мүмкін деген нұсқа шыққан. Алайда полиция Қылмыстық кодекстің 344-бабы  2-тармағы ("Қозғалыс қауіпсіздігі немесе теміржол көлігін пайдалану ережесінің бұзылуынан абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыру") бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қайтыс болған студенттің анасы Мемлекет басшысына бейнеүндеу жариялап, осыдан кейін Президент Ішкі істер министріне Щучинсктегі студент өлімі бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырған. 

 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы