Атырау облысында Доссор-Бейнеу бағытындағы жолда төрт көлік соқтығысты.
Жол апатынан жедел жәрдем қызметкері қаза тапты
994
оқылды

Жол апатынан жедел жәрдемнің қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Aikyn.kz AstanaTV-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

1995 жылғы жүргізуші Газель автокөлігімен жедел жәрдем бригадасының көлігін соққан. Ал 31 жастағы жүргізуші IVECO автокөлігімен Rolfo Sirio автокөлігін зақымдаған.

«Сағат 18:30 шамасында Ақтау-Доссор тасжолының 74-шақырымында 4 автокөлік соқтығысты. Салдарынан бір автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты», – деді Патрульдік полиция ротасы командирінің орынбасары Алмаз Закариев.. 

Бұған дейін  БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.